Байжігіт Әбдіразақов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Байжігіт Әбдіразақов (12.4.1928 жыл, Қазалы ауданы Түктібаев ауылы – 2.8.1995 жыл, Қызылорда) – жазушы, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987).
Білімі
- Қазалы педагогикалық училищесін (1946)
- ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін (1959) бітірген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Өмірбаяны
- 1946 – 54 жылы ауылдық мектептерде мұғалім
- 1959 – 64 жылы аудандық «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы, облыстық «Ленин жолы» газетінде бөлім меңгерушісі
- 1964 – 90 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
Шығармалары
- Алғашқы очерктер жинағы «Армандастар» деген атпен 1968 жылы жарық көрген.
- Кейін «Ерлік еңбек адамдары» (1968)
- «Жаңару» (1970)
- «Дала жұлдыздары» (1970)
- «Сандалкөк» (1974)
- «Серпіліс» (1975)
- «Терең тамырлар» (1983)
- «Сырдария тарландары» (1985)
- «Дала толғауы» (1990), атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.
Әбдіқадыровтың шығармаларында дәуір тынысы, замандас бейнесі, туған өлке тағдыры, сонымен қатар көркем туындыларында ауыл тіршілігі суреттелген.
Есте қалдыру
Өзі оқыған мектепке Әбдіқадыров есімі беріліп, Қызылорда қаласында тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнатылған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>