Байжан би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байжан би

Өз қатарынан асып туғанн әкелі-балалы Байжан және Сартай билердің есімдері 300 жылдан бері ұмытылмаған емес. Қандай бір саяси кезеңдерде бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігін сақтауға белсене араласқан игілікті істері халық жадынан шықпаған.
Байжан би Қосқұлақұлы мен Байжанұлы Сартайдың есімі XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласына жайылған Ресейдің әскері қызметші-зеттеушілері мен шығыстанушы-ғалымдарының,қазақ жерін аралаған шетелдік саяхатшылардың,Ресей елшісі М.Тевкелевтің күндері мен жазбаларына жиі ұшырасады.Әрине,ол жазбалардан ірі тұлғалардың бүкіл қызметі мен қоғамдығы орны тұтыстай көрібегенімен олардың өмір сүрген уақыты,шыққан тегі және басқа да оқиғаларды білумізге септігі тиері сөзсіз.
Әлімнің Жақайым руының Ақбурасынан Асан батыр туaды.Оның баласының аты да Асан.Сол кіші Асаннан-Дәулет,Қосқұлақ туған.Қосқұлақтан-Алтынбай,Байжан өсіп-өнеді.Арғы-бергі бабалардан жеткен шежіре сілемі осылай.
Байжан бидің есімі бізге алғаш рет орыс-қазақ қатынастарында,6 наурыз 1732 жылғы дерегінде кездесті.Сосын М.Тевкелев өз күнделігінде өзін жақтырмайтын бірнеше старшиналардың атын айта келіп,солардың қатарында Байжан би мен Сартайды да атайды.
Бір атаның буынын орта есеппен 25-30 жас деп есептесек,сонда Байжан би Қосқұлақұлы шамамен 1689-91 жылы туып,1756-57 жылдары қайтыс болады

Дереккөздер

  • Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б.
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998