Байбек батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Байбек, Байбақ (туған-өлген жылдары белгісіз) — батыр, би, Айшуақ сұлтанның аталығы. Орыс құжаттарында Әбілқайыр ханның төлеңгіті, “хан сарайының қызметшісі” деп те аталады. 1736 жылы жазда Әбілқайыр ханның сарайында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің еңбегінде “Байбек Ағлық” деген атпен берілген.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Байбек, негізінен, Әбілқайыр ханның ең сенімді адамдарының бірі ретінде оның маңызды тапсырмалары бойынша қазақ-орыс, қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастарына белсенді араласты. 18 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде Кіші жүздің Ресей бодандығына өту мәселелерімен Санкт-Петербургте болған (ол жөнінде 1734 жылы 10 маусымда орыс патшасы Анна Иоановнаның Ұлы жүз батырлары мен старшындарына жолдаған грамотасында көрсетілген). Әбілқайыр ханның өзіне және туыстарына қалашық салып беру жөніндегі өтінішімен Мәскеуде болған. Императрица Елизаветаның Әбілқайырға жолдаған грамотасында бұл туралы “Сіздің елшілеріңіз Күдер батыр мен Байбекке сыйлықтар беріліп, кейін қайтарылды. Грамота 1742 жылы 15 маусымда Мәскеуден жіберілді” делінген. 1730—1740 жылдары бірнеше рет Орынборда болып, Орынбор экспедициясының бастығы К.Кирилловпен, генерал-лейтенант князь Урусовпен кездесті және олармен Кіші жүздегі жағдай жөнінде сөйлесті. Әбілқайыр қаза болғаннан кейін Байбек. Бопай ханымның, Нұралы ханның тапсырмаларын орындады. Бірақ 1760—1770 жылдары жазылған құжаттарда оның есімі кездеспейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Байбек батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}