Базыгүрлі-жазыгүрлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базыгүрлі-жазыгүрліМаңғыстау түбегінің оңтүстігінде қатар жатқан ойыстар.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Базыгүрлі ойысының аумағы 40 км2 шамасында, ұзындығы 12 км, ені 2,5 км, теңіз деңгейінен 4 м төмен жатыр. Жазыгүрлі ойысының аумағы 63 км2, ұзындығы 15 км, ені 6,0 км-дей, теңіз деңгейінен 6 м төменде жатыр. Ойыстар неогеннің саз балшықты жыныстарынан, сарматтың бақалшақты әктастарынан түзілген.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref> Табаны тегіс, сор батпақ. Кей жерлерінде құдықтардың (орпалардың) іздері сақталған. Батыс беткейлерінен басқа жерлері жарқабақты, батысы баспалдақ тәрізді. Жарқабақтарының (кемерлерінің) биікт. 80 – 90 м-ге жетеді. Кемерлер басында Жаздыгүрлі, Базыгүрлі құдықтары орналасқан. Табанындағы өсімдіктер негізінен бұйырғын, күйреуік, ащы жусан, жарқабақ беткейлері мен сай-салаларда көктемде әр түрлі астық тұқымдас эндемик өсімдіктер өседі. Полковник Ф.Берг экспедициясының жолбасшылары Қосым Тигенов пен Нарынбай Исслин 1825 ж. 9 ақпанындағы көрсетілімдерінде Базыгүрлі ойысы туралы «Ойыс табанындағы қалың сексеуіл ішінде барыс бар. Қыр асып түсіп шығатын жолы қолайлы, жайылымы мен отыны мол, құдықтары сулы» – дейді. Қазір құдық сулары ащы.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Базыгүрлі-жазыгүрлі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}