Базар Қожа кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Базар Қожа кесенесі – он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың басынан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылынан солтүстікке қарай алты километр жерде. 1981 жылы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә. Оспанов) зерттеген. Базар Қожа кесенесі шикі кірпіштен тұрғызылған, жатаған күмбезі дөңгелек тұғырдан шығарылған. Алдыңғы беті ішке қарай біртіндеп кішірейе беретін үш аркалы порталмен бедерленген. Портал екі жағынан негізгі бөлікпен біріктіріліп саздан құйылған тұтас мұнаралармен көмкерілген. Күмбез астындағы төменгі бөліктің шалқақ қабырғасы шығыңқы белдеумен өрнектелген және күмбезге дейін сыланған. Кесененің композициясы, әсіресе, алды ерекше әдемі. Базар қожаның өзі сол өңірдегі ислам дінін уағыздаушылардың белгілі өкілдерінің бірі, көріпкелдігімен ел арасында қадірлі болған адам.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Базар Қожа кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}