Базальдық қабат

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Базальдық қабат — көпқабатты жалпақ эпителий ұлпасының негіздік (базальды) жарғақпен жанасатын ең төменгі эпителиоциттер қабаты. Базальды қабатгы бір қабатта орналасқан призма тәрізді эпителий жасушалары (эпителиоциттер) құрайды. Олардың сопақ келген ядролары эпителиоциттердің негіздік жарғақ жағындағы базальды полюсінде бір деңгейде, бір қатарда орналасады. Базальды қабаттың эпителиоциттері митоз арқылы бөлініп үздіксіз көбейіп отырады. Базальды қабат эпителиоциттерін — көпқабатты жалпақ эпителий ұлпаларының діңгекті (кам- биальды) жасушалары деп атайды. Базальды қабат эпителиоциттері негіздік жарғаққа жартылай десмосома байланысы арқылы бекиді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub