Баженов тастопшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Баженов тастопшасы - Батыс Сібір аймағының — орталық бөлігінде таралған. Қара және кара-қошқыл аргиллит тектес сапропельді-сазды кремнийлі жыныстардан тұрады, сирегірек карбонат қабатшалары ұшырасады. Құрамында кремнеземнің (29,5 %), органикалық заттардың (орта есеппен 22,5 %) мөлшері біршама мол. Қалыңдығы 10-70 м аралығында, орташа көрсеткіші көбінесе 25-35 м шамасында. Фауна қалдықтары негізінен планктондыңорганизмдермен (аммониттер, белемниттер, балық қалдықтары, радиолярийлер, кокколитофоридтер), сирегірек қосжабырлы жәндіктермен сипатталады. Тастопша таралу ауқымының шеткі өңірлерінде формаминиферлер қалдығы жиі ұшырасады. Көнелігі — ортаеділ мен ертеберриас аралығы. Кей өңірлерде тастопша қабаты валанжин түзілімдерін де кіріктіреді. Орта Обь және Каймысов мұнайлы-газды облыстарында бұл қабат өндірістік мұнайлы. Аймақтың жоғарғы юра —неоком қақпағының (покрышка) құрамына кіреді.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub