Бадана көз кіреуке
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бадана, бадана көз кіреуке — кіреуке сауыттың кең көз түрі.
- Қалыңдығы 2 — 4 мм қырланған темірден, шығыршықтарының диаметрін 13 — 16 мм етіп, оларды бір-бірінен өткізе өру әдісімен жасалған. Мұндай кіреукенің берік болғандығы жөнінде ауыз әдебиетінде: “Таямай атса оқ өтпес, Шуақ шықса, күн өтпес. Жағасы алтын, жеңі жез, Бадана көзді ақ сауыт, Бекітіп соққан Ер Дәулет” (“Қобыланды батыр”) деп жырға қосқан. <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>
- Сауыттың бұл түрі көшпелілерден орыстарға ауысып, олар мұны түркі тіліндегі өз атауымен “бадана” немесе “байдана” деп атаған. Орыс жылнамаларында қыпшақтар киген Бадана кіреукелер “баданы бусурманские” делінеді.
- Сақ, сармат, көне түркі дәуірлеріне жататын ескерткіштерді қазу кезінде басқа кіреуке сауыттармен бірге Бадананың қалдықтары да табылған. Бадананың жеңі шынтаққа, етегі тізеге дейін жеткізіліп, әр батырдың тұлғасына сай тоқылатын болған. Етегінің алды-арты жырық, өңірі ашпалы, жағасы тік не жағасыз етіп жасалған. Етек-жеңі бірнеше қатар жез немесе алтын шығыршықтармен өріліп, сәнделген Баданалар да болған. Бадананы берен, көбе, тағы басқа сауыттармен қабаттап не жеке өзін киген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references /> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify