Бадан
Үлгі:Taxobox Шағыр (Bergenіa) – тасжарғандар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Азияда өсетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Соның бірі – етжапырақ Б. немесе шағыршай (В. crassіfolіa). Алтайда кең тараған. Биікт. 5 – 50 см. Тамырсабағы жуан, жерге төселіп өседі. Сабағы жапырақсыз. Қалың, ірі, жүрек пішінді жапырағы сабақ түбін айнала қоршай орналасқан. Қызыл гүлдері қалқанша гүлшоғырына топтасады. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – қорапша, іш жағынан ашылады. Тұқымдары көп. Тамырында илік заттар көп болғандықтан тері илеуге, ал өсімдік құрамындағы глюкозидтерді фотосурет шығаруға қолданады. Жапырағын қайнатып шай орнына ішеді, тұнбасынан қара, қоңыр бояу алынады. Б-ның екінші түрі – угам баданы өте сирек кездеседі, қорғауға алынған.