Баб әл-Мандеб
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
БАБ әл-МАНДЕБ (араб.— қайғы қақпасы) — Африка құрлығы мен Араб түбегі арасындағы бұғаз.
Аден шығанағы арқылы Қызыл және Араб теңіздерін қосады. Ұзындығы 109 км, ені 26,5 км-ден астам, фарватерінің ең таяз жері 31 м. Бұғаз арқылы Қызыл теңіз суының тұздылық режимі реттеледі. Жылдық жауын-шашынның түсімі өте аз (50 мм). Бұғаздың халықар. кеме жолы қатынасында алатын орны ерекше. Еуропа, Оңтүстік-шығыс Азия, Австралия елдерін байланыстыратын ең қысқа су жолының бойында жатыр.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>
Дереккөздер
<references />