Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі - сәулет өнері ескерткіші. Созақ ауданы, Құмкент ауылы маңындағы ашық жерде, су қоймасының қасында орналасқан. Шойтасы іргетас үстіне күйдірілген кірпіштен қаланған. Қасбеттік композицияға құрылған бір үйлі мазар. Төртқырлық жұмыр мойындыққа орнатылған еңселі күмбезбен көмкерілген. Қасбеті тегіс, әшекейі жоқ, тайыз әрі сүйір қуыс жасалған ортасында кіре берісі бар, қос босағасында шағын бедерлі мұнара орналасқан. Ішкі құрылымында шаршы үйдің өзегі бойынша сүйір арқалар салынған, күмбез осы арқаларға тіреледі. Қабырғаларына сылақ жүргізіліп, әктелген. Үйдің ортасына кірпіштен қаланған құлпытас орнатылған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}