Аңызақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңызақ - ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық (20 - 25С) әрі құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15 - 20 м/с-ке дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-тен төмен болады. Көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады. Жылына ыстық желдің ұзақт. 60 — 80 күнге дейін жетеді. Солт. Қазақстанның дала және шөлейтті өңірлерінде біршама азаяды (5 -10 күн). Аңызақ жел - ауыл шаруашылығына өте қолайсыз құбылыс. Оның әсерінен өсімдіктердің физиол. процестері (фотосинтез, көміртегі және ақуыз алмасу) бұзылады. Нәтижесінде өсімдіктердің өнімд. төмендейді. Аңызаққа қарсы күрес шараларының ең тиімдісі қар тоқтату және қолдан орманды алқаптар өсіру. Субтропиктік және тропиктік елдерде аңызақты самум, сирокко немесе хамзин деп атайды. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы I том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аңызақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}