Аңды ұрып алу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңды ұрып алу - аңшылықтың қарапайым түрі. Тазы ерткен аңшы қолына шойыл, шоқпар, дойыр сияқты ұру құралдарымен қаруланып, жүйрік атқа мінеді. Аң аулауға өрімі жуан, дойыр, өзегіне қорғасын қосып өрген сабы ұзын бұзаутіс және дырау қамшылар аң ұруға аса қолайлы болды. Балуан Шолақтың дойыр қамшысы «қашқан қасқырды қуып жетіп, онымен жоннан тартқанда, қабырғаларының көбесі, омыртқалары сөгіліп кетеді екен. Қашаган жылцылардыц ңандайы болса да, цабыргаларын қуалай тартып өткенде етпетінен түсетін көрінеді», — деп жазды С.Мққанов. Саятта, ұрыс-соғыстарда қамшымен олжа түсірген қамшыгерге өзіне тиесілі олжаның сыртында «қамшы сыбағасы» деген арнайы олжа берілген. Жыртқыш, күшті аңдарға шоқпарды қолданды. Аңшылыққа арналған шоқпарды тасжарған, қайың, терек сияқты берік ағаштан басын домалақтап, сабын қысқалау етіп жонып, малдың майына суарып (қайнатып) дайындайды. Түйе терісімен қаптаған босмойын шоқпар, алты-сегіз қырлы шоқпар, тақымға басатын сапты шоқпар, жең ішінде жүретін жең шоқпар деген түрлері болды. Берік ағаштан, басын жуандау, сабын ұзын етіп жасаған шоқпардың бұл түрлері аңды қуып жетіп талмау жерінен ұрып түсіруге қолайлы болды. Шоқпардың да, сойылдың да ұзындығы тұтынушының бойынан аспауы тиіс. Реті келсе, терісін бүлдірмеу үшін аңды соққан кезде тұмсығынан ұруға тырысады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аңды ұрып алу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}