Аңдасай қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аңдасай қорықшасы – зоологиялық қорықша.


Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі мен Бетпақдаланың оңтүстігінде орналасқан. Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу-Іле тауларындағы арқар, құлан, таутеке, елік, жабайы шошқа, ақ бөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 жылы құрылған. Аумағы 1 млн. га.

Жер бедері ақ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс аумақты тақырлар болғандықтан жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпі, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік т.б.) тіршілік етеді. Аңдасай қорықшасы Оңтүстік Қазақстандағы ақ бөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (Альберт қызғалдағы, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}