Ақ қабық
Ақ қабық (Үлгі:Lang-la) — орташа қалыңдығы 0,4-0,6 мм, қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған көз алмасының сыртқы талшықты (фиброзды) қабығының ақ түсті тығыз бөлігі. Ол көздің фиброзды қабығының 4/5 бөлігін құрайды. Ақ қабық бір бағытта параллельді тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарындағы қатарласып жатқан фиброциттерден құралған. Ақ қабықтың қасаң қабықпен шекарасындағы лимба аймағында, коллаген шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Көздің ақ қабығы алдыңғы жағынан көздің кілегейлі қабығымен қапталған, ал оның артқы бетіне көз бұлшықеттері бекиді. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>