Ақ ірімшік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Bryndza.jpg
Ақ ірімшік

Ақ ірімшік сиыр сүтін ашыту арқылы алынатын (айран тәрізді) диеталық тағам.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> Ақ ірімшік майы алынбаған сүттен, сондай-ақ майы ішінара немесе толық алынып пастерленген сүттен жасалады. Ашытқыны қышқыл стрептококтардың таза дәнінен дайындайды, кей жағдайда мәйек ферментін қосады. Ақ ірімшікті сыртқы түріне (қалпына) қарап, сарысуы сығыл алынған әдеттегі ақ ірімшік және сары суы алынған, диеталық жұмсақ ақ ірімшік деп бөледі. Әдеттегі ақ ірімшіктің майлы (18%), жартылай майлы (9%) және майы алынған түрі бар. Майлы ақ ірімшік сүт майы және ақуыз қоспасынан, ал майы алынған ақ ірімшік ақуыз қоспасынан тұрады. Ақ ірімшік ақуызында адамның өміріне қажетті амин қышқылының бәрі де бар, сондықтан да ол барлық жастағы адамдар үшін өте қажет тағам. Ақ ірімшік әсіресе балаларға, аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге өте пайдалы, өйткені ол сүйектің жетілуіне, қайның жақсаруына, жүрек қызметі мен нерв жүйесіне қажетті кальций және фосфор тұздарына бай. Ақ ірімшікті емдік тағам ретінде пайдалану жөнінде Емдік тағамдар деген мақаланы қараңыз.

Ақ ірімшікті үйде, қолдан дайындауға да болады: 3—4 л қапн атылған жылы сүтті және 1 стакан қатықты кастрюльге құйып, араластырады да әбден қоюданьга ұйығанша бөлме температурасында ұстайды. Үйығаннан кейін оны ірі кесектерге бөліп тіледі де, кастрюльді су құйылған тегешке немесе үлкен таббаққа салып, баяу жанған отқа қойып қыздырады (қайнап кетпеуі керек), қасықпен ептеп жоғарғы қабатын араластыру қажет. Осылай араластырған кезде оның төменгі қабаты үстіне көтеріліп, жоғарғы қабаты төмен түседі, мұның өзі қоспаның біркелкі ысуына және сарысудың неғұрлым толық бөлінуіне жәрдемдеседі. Қою қоспаның кесек бөліктері қалқып бетіне шығысымен ақ ірімшікті алдын-ала қайнаған сумен шайып, сүзу үшін бетіне екі қабат таза дәке жабылған елекке салады. Сары суы әбден сорғыған кезде ақ ірімшікті суытып дәке немесе мата дорбаға салып, үстіне салма қойылған тақтаймен бастырады. Ақ ірімшікті сатып алған соң немесе дайындаған соң дереу пайдалану керек. Өйткені оны тоңазытқышта 2—3 күннен артық сақтауға болмайды. Ақ ірімшікті қаймақпен, сүтпен қосып жеуге болады, сондай-ақ одан әр түрлі тағамдар: пудинг, ірімшік жасайды, самса мен ватрушканың ішіне салып пісіреді. Сатуға шығарылған ақ ірімшік құрамында қант және май мөлшері түрліше болады, сондай-ақ оған цукат, шоколад, жаңғақ, мейіз, заниль және т. б. қосады. Құрамында майы (20—26%) және қашты (16—26%) көп; майы кемдеу (15% май) және қанты аздау (13% қант); тлазурь жағылған (шоколад глазуры) цуКаты немесе жаңғағы бар (майы 23 %, қанты 26%) ірімшік түрлері де шығарылады. Москва ақ ірімшігі қоспасының құрамында 20% май және 16% қант бар. Сатуға тұздалған (майлылығы 15,5—17,5%) және шайға арналған тәтті ірімшіктер де (50% майлы) түседі.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ ірімшік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}