Ақ терек
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Ақ терек (Үлгі:Lang-la) – талдар тұқымдасы терек туысына жататын ағаш.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 20-25 м, жуандылығы 2 м-дей.
- Діңі мен ірі бұтақтарының қабығы көкшіл сұрғылт болады.
- Бүршіктерінің, жаңа шыққан жапырақтарының бетін ақшыл түк басып тұрады.
- Ақ терек - желмен тозанданатын қос үйлі өсімдік.
- Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында гүлдейді. Ұсақ түкті тұқымы желмен таралады.
- Жемісі құты тәрізді.
Өсетін жері мен таралуы
Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы өзен бойларында, шалғындық жерлерде кездеседі.
Шаруашылықтағы қолданысы
Ақ терек елді мекендерді көгалдандыру, өзен-көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Ақ терек 15 жылдан кейін 1 га-нан 200 м3 сүрек береді. <ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref> Ақ теректің сүрегі құрылысқа және әр түрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедиясы, V- том</ref>