Ақ таспа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ таспа (Astragalus brahуpus) – бұршақ тұқымдасы, таспа туысына жататын бұта. Қазақстанда Каспий, Арал маңында, Қызылорда, Бетпақдала, Мойынқұм өңірлерінде Балқаш – Алакөл ойысында Іле Алатауындағы (Пұшықнұра) құмды және құмды-сазды жерлерде, бұталар арасында өседі. Биіктігі 60 – 100 см, жуан сабағын шашақталған қарабурыл қабық басқан. Жапырағы ұзынша келген 1 – 2 жұптан тұрады, ұзындығы 2 – 5 см. Гүлі қызғылт түсті, дәні қоңыр. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Ақ таспа – өте пайдалы өсімдік. Сәуір айында оның құрамында 26,1% протеин, 5% май, 12% күл, 18% клетчатка болады. Ақ таспа – құнарлы мал азығы 1 га алқаптан 3,3 ц. шөп жинауға болады. Ақ таспаны жазғытұрым және жаздың басында мал сүйсініп жейді. Өзен жағалауларын бекітіп, құм тоқтату үшін де өсіріледі.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ таспа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}