Ақ жол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ақ жол» - облыстық газет. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

1922 жылдың 1 мамырынан Әулиеата уездік, қалалық партия комитетінің, уездік Кеңес атқару комитетінің органы «Вольная беднота» газетінің қосымшасы ретінде «Кедей еркі» деген атпен шыға бастаған. Ол араб әрпімен басылып, 300 дана болып тарады. Қосымша 1924 жылы тамызға дейін шығып тұрды.

Оның алғашқы редакторы А. Алматинская болды. Газет 1924 жылы тамызда «Еңбек» деген атауға ие болып, дербес басылым ретінде шығып тұрды. Оның 3 мыңдай оқырманы болды. Газеттің 224 нөмірі жарық көрді. Оны әр кезде Құлжабаев, Камалов, Бексейітов сияқты зиялы азаматтар басқарды.

Газет 1929 жылы 1 қаңтардан «Дихан дауысы» атанды. Оның 60 нөмірі жарық көрді. Редакторлары Сапарбеков, Жанболатов болды. Газет 1931 жылы «Колхозшы", 1938 жылы «Колхоз жолы» деген атпен жарық көріп, 1939 жылы Жамбыл облысының құрылуына байланысты облыстық газет болып қайта құрылып, «Коммунист» атауын иеленді. 1944 жылы «Сталиндік жол", 1958 жылы «Еңбек туы", 1990 жылы «Ақ жайық» атанды. Әр кезеңде газеттің редакторы болып Ж. Бектұров, Ғ. Аманғалиев, Ә. Бекмұратов, Ғ. Сармурзин, Т. Оңғарбаев, Б. Байсақалов, Б. Жаңабаев, А. Бекбосынов, Ә. Қалдыбаевтар қызмет атқарды.

Газеттің құрылтайшысы - Жамбыл облысы әкімдігі. Газеттің - саясат, экономика, руханият, хат және бұқарамен байланыс бөлімдері бар. Қазіргі Бас редакторы - М.Рысдәупет. «Ақ жайық» газетінің таралымы 12783 дана. Мекенжайы: 080012, Тараз. Достық даңғылы, Баспасөз үйі. Байланыс тел: 8- (7262) - 433-308. Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler. ru

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}