Ақ желкен
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақ желке — жасөспірімдерге арналған әдеби-көркем журнал. Құрылтайшысы — ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі. Айына бір рет шығады. Көлемі 8 б.т. 1978 ж. “Пионер” деген атпен Алматыда, қазақ тілінде шыға бастады (қ. Пионер). 1993 жылдан “ Ақ желкен” аталады. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.