Ақ боз aт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақ боз aт - түгінде акшыл көк түстілері басым, дәстүрлі ортада ерекше қастерленетін жылқы түсінің атауы. Бастапқыда ақ түстің қасиетті саналуының негізі күн түсіне баланған. Ертеректе аспан құдайларына ғана құрбандыққа шалынатын мал ретінде ерекше қастерленді. Орта ғасырда ел басқарушылар мен атақты лауазымды адамдар мініс көлігі ретінде пайдаланды. Оның иесінің атақ-даңқын, лауазымын, әлеуметтік статусын айғақтайтын символикалық мәні де болды. Құрбандыққа ақ түсті малды шалу екі дүние арасындағы жалғастырушылықты білдірсе, төрт түлік ішінен тек ақ түсті жылқы ғана «өлілер патшалығына» оңай жеткізуші медиаторлық рөлді атқарушы деп есептелді. Дәстүрлі наным-сенім бойынша, адам ақ боз биенің сүтіне шомылса, бойындағы науқасы, кайғы-қасіретінен тез айығады. «Алпамыс батыр жауды жеңіп, жорықтан қайтып келген соң, тақсірет тартқан ата-анасын боз биенің сүтіне шомылдырады». Балаға анасының алдындағы өтелмес қарызы барын айтқанда осы шешеңді боз биенің сүтіне шомылдыратын жайың бар ғой, - деген сөзді әлі күнге дейін ел арасынан естуге болады.

Ак боз түс байырғы этномәдени ұғымда жеңістің нышаны дегенді аңғартады. Алтай мен Шыңжаң қазақтары ақ боз aтты көбінесе кәк ат деп атайды. Шамасы бұл ертедегі ғұндар мен көне түркілердің аспан құдайы тәңірісіне ақ боз aттарды құрбандыққа шалуынан қалған түсінікпен сәйкес болуы керек. Байырғы қазақтардың боз түсті жылқыларды қадірлеп, ерекше қасиеті бар деп түсінуін әртүрлі әдет- ғұрыптардан, жон-жоралғылардан аңғаруға болады.

Жалпы Орта Азия халықтары сияқты қазақтар да некелескен қыз ұятты болып шықса, оны масқаралап, бетіне күйе жағып, өгізге теріс отырғызып, тесік қазан мен шүмегі сынған шәугім ұстатып, еліне жөнелтіп қалыңмалын қайтарып алатын. XVIII ғ.-дың аяғында Семей жерінде қазақтың екі руының байлары құдандаласқанда қыз ұятты болып шығады. Осындай тығырықтан құтылудың жолы ретінде екі жақтың билері құдандаласқан екі баймен келісе отырып, қызды ақ боз биенің сүтіне шомылдырып, күйеуіне косады. Алайда, колданыстық тұрғыдан келгенде, ақ боз жылқының алыс жолға шыдамайтын әлсіз, бәйгеге шауып жарытпайтын төзімсіз екенін көптеген жылқышылар мен ат жаратып жүрген атбегілер де бірауыздан мойындайды. Дерек берушілердің айтуынша, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» Ақ боз атта құн жоқ деген бап болған. Ақ боз ат ұрланса, құн төлемеген. «Жеті жарғыда» боз жылқыға таза тұрмыстық қырдан қараған, шаруашылықта пайдалануға әлсіз Ақ боз ат аса құнды деп бағаланбаған. А.О. Добросмыслов жүк көтеруге әлсіз, суыққа шыдамсыз келетіндіктен қазақтар ақтүйені (атанды) әдейі өсірмейді, ақтүйені әсемдік, салтанат үшін бірлі-жарым атақты байлар ғана пайдаланады деп көрсетеді. Ал қазақ дәстүрінде ақботаның, ақатанның культі Ақ боз аттан кем түспейді. Ақ боз атты да көбіне әсемдік, сән-салтанат үшін өсіретін болған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ боз aт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}