Ақ Жайық (ансамбль)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

<<Ақ Жайық>> — ән-би ансамблі. 1974 жылы Орал педагогикалық институтының қоғамдық мамандықтар факультінің жанынан ұйымдастырылды. Алғашқы жетекшісі — Алматы хореогр. учелищесінің түлегі Құрамыс Ғаббасов. 1976 жылы «Ақ Жайық» облысы жастар- хореогр. ансамблі ретінде қайта құрыдды. Оның құрамында бүкілодақтық байқаулардың лауреатгары — ордалық Е. Қазиев, тасқалалық М. Илжанова, жымпитылық Д. Қажымов, Б. Раянов, жаңақалалық А. Борашева, зеленовтық Ғ.Мұхамбетов, жәнібектік В. Алипова өнер көрсетті. Ансамбльдегі эстрадалық және қазақ халық аспаптары оркестрі асатаяқ, шаңқобыз, шылдырмақ, т. б. көне аспаптармен толықтырылып, классик. әуендер мен халық саздарын нәшіне келтіре орындады. Әсіресе өлкенің өнер саңлақтары Мұхит, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина жене Жөнтөре, т.б. шығармалары ансамбльдің концерттік бағдарламасынан тұрақты орын алды. 1977 жылы шығармашылық жетістіктері үшін «Ақ Жайық»- қа «халықтық, ансамбль» атағы берідді. Онер ұжымының балет-мейстрі Ғаббасовтың, муз. жетекшісі Қажымовтың, сондай-ақ белсенді мүшелері 3.Аманғалиеваның, Д. Мәмбетованьщ, Р. Зейінованың, С. Досмағанбетовтің, С. Райымқүловтың, Н.Дүйсеновтің, С. Ізбасарованың, М. Демесіновтің, А. Дәрменова мен Д.Халықованың еңбектері лайықты аталып отті. Ансамбль Норвегияда (1977), Мәскеуде (1980, 1985), Румыния мен Болгарияда (1985), Салехардта (Тюмень), т.б. елдер мен қалаларда өнер көрсетті. 1988 жылы ұжым жетекшісі Құрамыс Берғалыұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. «Ақ Жайық» бірнеше мәрте өнер ұжымдарының байқауларында лауреат атанды. Облыс ауқымындағы өзіндік өнер мектебіне айналған «Ақ Жайық» ансамбліне казіргі кезде көркемдік жағынан Жаскелең Ғайсағалиев, бишілер тобына Қарлығаш Айтқалиева, фольклор тобына Есенкелді Молдағалиев жетекшілік етеді. Ансамбль 1998 жылы Мескеу фестиваліне қатысып, алтын медальге ие болды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақ Жайық (ансамбль)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}