Аққұм (Қостанай облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аққұм – Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы құмды алқап. Ұлы Жыланшық өзенінен солтүстік-шығысқа қарай бойлай созылып жатыр. Шөл белдемінде орналасқан. Ұзындығы 63 км, жалпы аумағы 375 км². Теңіз деңгейінен биіктігі 160 м. Құмдағы төбелер мен жалдар арасындағы ойысты шұраттарда (ойпаңдарда) ылғалдың мол болуына байланысты өсімдіктер (селеу, беде, жусан, еркек шөп, т.б.) қалың өседі. Аққұм – жыл бойғы мал жайылымы.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>