Аққұм (Алматы облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аққұм– Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды түбек, Алматы облысы жерінде. Көлге оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Аумағы 23 км², ұзындығы 9 км, ені 2 – 4 км. Жағалауы құмдауытты. Жері үйме және сусыма құмды келеді. Жүзгін, қоянсүйек, теріскен, жағаға жақын ойыста жыңғыл, жағалауында құрақ, қамыс өседі. Аққұм – қысқы мал жайылымы. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 200 мм. Қаңтар айының орташа темпертурасы –15 – 16°С, шілде айында 22 – 24°С.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>