Аққурай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аққурай (Psoralea) – бұршақ тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Маңғыстаудың құмды жерлерінде қаулап өседі. Қазақстанда сүйекті Аққурай (P. drupacea) түрі кездеседі. Ол Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. Биіктігі 100 – 120 (200) см. Тамыры тереңге кетеді. Бұтақталған түкті сабағы тік болады. Жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығында орналасады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Аққурайдан жақсы сүрлем шөп дайындалады. Бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. Оның 1 га-сынан 10 – 25 ц шөп жиналады. Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан, медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады.<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аққурай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}