Аққорған (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аққорған - орта ғасырлардағы қала. Қала аты Түркістан өңіріне байланысты саяси оқиғаларды баяндайтын орта ғасыр авторларының жазбаларында жиі кездеседі. Масуд бин Осман Кухистанидың хабарлауынша А. Сығанақ, Созақ, Аркук қалалары сияқты Әбілқайыр ханға өз еркімен берілген. "Үлкен сызық" кітабындағы деректерге қарағанда А. Жаңақорғаннан 70 қм, Сайрамнан 110 км жерде орналасқан. Осы тұста ежелгі қаланың орны сақталған. Оны алғаш рет 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясын зерттеген. Осы күнге дейін Аққорған болып аталады. Екі деңгейден түратын трапеция тәріздес төбе. Басқа бөлігінен едәуір биік орналасқан бөлігінің аумағы 150x110 м, биікт. 6 м. Бұл цитадельдің орны. Оны қоршай орналасқан аласа тобенің қабырғалары: шығысында 210 м, батысында 240 м, оңт. және солтұстік боліктерінде 230 м. Қаланың қорғаныс қабырғасы мен оның сыртындағы ордың іздері анық сақталған. Жинастырылған деректерге қарағанда қала 15-18 ғ-да өмір сүрген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}