Ақын Сараның мемориалды мұражайы (Алматы облысы Қапал ауданы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:AkinSaara muzeii.jpg
Ақын Сараның мемориалды мұражайы

<ref>Мұражайдың жеке ақпараты</ref>

Құрылуы

Ақын-Сара атындағы тарихи-өлкетану музейі құрылсын деген 1992 жылдың 26 қазанында Алматы облысы Қапал ауданы әкімшілігінің №127 шешімі шықты. Осы шешім бойынша алғашқы музей директоры Марат Алыбаев тағайындалды. 1860 жылдары Қапал уезінің дәрігері генерал И.Саболевский тұрған үйде орналасқан музей 1993 жылы 19 маусымда апамыздың 115 жыл мерей тойы қарсаңында Ақын Сараның мемориалды музейі болып ашылып, бекітілген жоспарға сәйкес толыққанды жұмыс істей бастады. Музей ғимараты реставрациядан өтіп, жаңа экспозиция жұмыстары жасалынып, жұмысты жалғастырған Шолпангул Батырбаева 1993ж. музей директоры қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің қорғауына алынған музей Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. 2000 жылы музей директоры қызметіне Азатгүл Батырбаева тағайындалып, 2005 жылы музей ғимараты күрделі жұмыстарынан өткізілді. 2012 жылы жылу жүйесі жүргізіліп, мұражайдың материалдық – техникалық базасы жақсартылды.


Қазіргі күнге музей жұмысын Айгүл Әлімбаева басшылыққа алып отыр. І.Жансүгіров атындағы университетін тарих мамандығы бойынша бітірген маман 2007 жылдан бері еңбек жолын мәдениет саласында жалғастыруда.

Музейдің мақсаты мен бағыты

Жетісу жерінің ақындарымен соның ішінде ақын Сараның өмірін, шығармашылығын насихаттап, жастарға таныстыру. Оның мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Музей экспозициясы

Музей экспозициясы Ақын Сараның балалық шағы, өскен ортасынан басталып, ақындық жолы, қазақ әдебиетіндегі елеулі оқиғаларының бірі-Ешкөлмес тауының етегіндегі атақты ақын Біржан салмен айтысы, ақын өлеңдері және Сара мұрасын зерттеушілер мен ізбасарлары туралы мәлімет береді.

Музейдің экспозициясы төмендегі тақырыптық құрылым бойынша құрылған

  1. Ақын Сараның балалық шағы
  2. Ақын Сараның өскен ортасы
  3. Ақын Сараның өлеңдері мен Біржан салмен айтысы
  4. Ақын Сараның мұрасын зерттеушілер мен ізбасарлары.

Музейдің әр бөлмесі өз тақырыбын қамтыған. Апамыздың кезіндегі шаруа отбасының тыныс-тіршілігін, киген киімдері, күмістен әшекейлеген заттар, ортасына байланысты мағлұматтармен толы экспозициялық композициясы тақырыптық жүйеде орналастырылған. Өткен кезендегі құндылықтарды бүгінгі күнде, бүгінгі күннің саңлақтарын келешек ұрпаққа жеткізетін музейдің қорында 603 жәдігер бар, оның ішінде 256 негізгі қор, 347 көмекші қор құрайды. Сараның өз қолымен ұстаған іс тігін машинкасы мен қайшысын қайын сіңілісі Биғайша Кәукенбайқызы өлер өлгенше қадірлеп сақтаған. Қайтыс болар алдында ұлы Ниетбайға тапсырып кеткен екен. Осылай қолдан қолға сақталып жеткен заттар Ақын Сараның мемориалды музейінің ең құнды жәдігерлері болып саналады. Сонымен қатар домбырасы және Сараның сіңілісі Нурғайша Мейрамбайқызы Сара апамыздың отбасында ұсталған қара қазанын музейге табыс етті.


Музейдің негізгі жұмыс бағдары «Мәдени мұра» бағдарламасына сүйене отырып ұжымының өз мақсат, бағдар-жоспарлар арқылы мұражайға келушілерге, аудан тұрғындарына, әсіресе мектеп оқушыларына, жастарға мұражайды барынша жақындатып, олардың таным әлемін кеңейтуғе үлкен жұмыс атқарылады. Музей қызметкерлері оқушыларға лекция, экскурсия, көрмелер, әдеби –музыкалық кештер, жазба ақындардың мүшәйрасын, сурет байқауы сияқты әр түрлі мерекелерді өткізіп, жұрт назарына тамашалатады.

Дереккөздер

<references/>