Ақын-баба Ақсұнқар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақын-Баба Ақсұнқар - 1976 жылы 19 сәуірде туған.<ref>"Қазақстан жазушылары" анықтамалық, Ан Арыс баспасы, Алматы, 2009,ISBN 978-601-7130-43-5</ref>.1998 жылы С. Торайғыров атындағы университетті үздік бітірген.1998 жылы Қазақстан телерадио компаниясында "Шапағат" таңғы бағдарламар редакциясында тәжірибеден өтіп, редакторлық қызмет атқарған. 1999-2002 жылдары Алматы облыстық "Жетісу" басылымында мәдениет және әдебиет бөлімінде журналист, 2003 жылы Н. Тілендиев атындағы "Отырар сазы" Мемлекеттік Академиялық оркестерінде жүргізуші, 2004 жылы "Жалын" журналында редактор, 2004-2008 жылдары "Қазақстан" РТРК-ның "Шалқар" және Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, 2008-2009 жылдары Қазақ радиосы бойынша сарапшы-редактор, 2009 жылдан "Қазақстан" ҰТА-ның эксперт тобында телерадио бағдарламары бойынша жетекеші маман қызметін атқарған.

Шығармалары

2001 жылы "Елорда" баспасынан "Мен-Алтайдан ұшқан Ақсұнқар" атты жыр жинағы жарық көрген. "Қазақ ақындарының антологиясына", "Қыз ғұмыр- жыр ғұмыр" жинақтарына (2003) Қырғызстанда жарық көрген қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген.

Жетістіктері

"Дарын" Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Ғ. Мүсірепов атындағы Республикалық ақындар мүшайрасының лауреаты.

Дереккөздер <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}