Ақылдылық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақылдылық — адамның ой-санасы мен интеллектісінің жоғары деңгейін көрсететін қасиет.


Ақылдылық синтездік ұғым. Бұған ақылдың кеңдігі, ойдың орамдылығы мен ұшқырлығы, дербестілігі мен логикалық жүйелілігі, сыншылдығы сияқты сапалары жатады. Ойдың ұшқырлығы — мәселені тез шеше салу емес, оны жан-жағынан көре білу, аса сергек және белсенді ойлай білу. Ойдың дербестігі де ақылдылықтың бір өлшемі. Басқа біреудің ойлау әдісін қайталамау, мәселені “жеті рет өлшеп, бір рет пішу”, Ақылдылықтың басты белгісі. Ақылдылықтың келесі сапасы — сыншылдық. Бұл біреудің қате пікірлерін көре білумен қатар, өз қатесін де үнемі байқау. Ақылдылық әр адамның білім деңгейіне, өмір тәжірибесіне, жүйке-жүйесінің ерекшеліктеріне, жеке-дара өзгешеліктеріне орай түрлі деңгейде көрінеді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}