Ақшығанақ (мекенжұрт)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақшығанақ Мекенжұрты - 8-11 ғғ. археологиялық ескерткіш.

Орналасуы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Аққұм ауылының солтүстік жағына қарай 6 км қашықтықтықта, Ақшығанақ көлінен оңтүстікке қарай 2 км жерде жерде орналасқан. Географиялық координаттары Үлгі:Coord. Ескерткіш Шардара ауданының территориясында орналасқан, алайда бұрынғы зерттеушілер оны Отырар ауданына жатқызып келген. Ақшығанақ Мекенжұрты ескерткішін Көксарай археологиялық экспедициясы (К. М. Байпақов, С. З. Ахмет) зерттеген.

Сипаттамасы

Ескерткіш сопақша келген, диаметрі 47 м, биіктігі 1,5-2 м; төбемен биіктігі 0,7 м; қабырғамен қаршалған алаңнан тұрады. Алаң тікбұрышты, солтүстік-шығыс бұрышы дөңгеленіп келген. Қақпасы оңтүстік қабырға ортасында. Солтүстік қабырға жанында диеметрі 10 м, тереңдігі 2 м келетін дөңгеленген сай түрінде су қоймасының қалдығы сақталған. Ол қабырға сыртындағы арықпен жалғасқан.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}