Ақшелек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақшелек (Anthrax) — жұқпалы ауру. Онымен барлық жануарлары, сондай-ақ, адамдар да ауырады. Ұсақ малдарда (қойда) топалаң, жылқыда жамандат, түйеде қарабез, адамда күйдіргі немесе түйнеме жара деп аталады. Қоздырушысы — Вacіllus anthracіs, спора түзетін таяқша тәрізді бацилла. Аурудың таралуына ауырған мал мен өлген малдың өлексесі себеп болады. Сондықтан ауырған малды тез оқшаулап, өлексені жедел жою керек. Ауырып өлген малдың микробтары тарап кетпеуі үшін жарып көруге тиым салынады. Табиғи жағдайда малға ақшелек қан сорғыш жәндіктер, тышқан тектес кемірушілер (топырақ астындағы микробтың жер бетіне шығуына байланысты) арқылы жұғады. Микроб тері арқылы денеге өткен жағдайда теріде күйдіргі жара пайда болады. Ал ауру ас қорыту жолы арқылы жұқса, сол ағзалар дертке шалдығады. Көбінесе ауыру сепсис түрінде байқалып, өте жіті түрде өтеді де, малдың тез арада өліп кетуіне әкеп соғады. Алдын алу үшін СТИ-1 вакцинасы, (орыс ғалымы Н.Н.Гинсбург ашқан) емдеу үшін иммунді сарысу мен антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) қолданылады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақшелек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}