Ақшам соқыр және ксерофтальмия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақшам соқыр және ксерофтальмия — бұл көбінесе 1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін көз ауруы. Ол құрамында А витамині аз тағамдарды аз қабылдаудан пайда болады. Бұл ауруды ерте анықтап, емдеу сәбиді зағип болып қалудан сақтайды.

Белгілері

  • Алғашында сәбиде ақшам соқыр пайда болады. Ол басқа адамдар сияқты қараңғыда жақсы көре алмайды
  • Сонан соң оның көзі құрғай бастайды (ксерофтальмия). Көзінің ағы жылтырлығын жоғалтып, кебірсиді.
  • Көздерде ұсақ сұрғылт күлдіреуіктер (Витот таңбасы) пайда бола бастауы мүмкін.
  • Ауру асқынған сайын мүйізгекті қабық құрғай және қарауыта түседі, онда ұсақ ұяшықтар пайда болуы мүмкін.
  • Сонан соң мүйізгекті қабық жұмсарады, ісініп көтеріледі, тіпті жарылады да. Әдетте ол ешқандай ауыртпайды. Инфекцияның түсуінен, жарақаттан немесе басқа да зақымданудан ғана адам зағип болып қалады.
  • Ксерофтальмия көбінесе, сәби басқа бір аурулармен, мысалы, іш өтумен, көкжөтелмен, туберкулезбен неме-се қызылшамен ауырған кезде басталады немесе асқынады. Науқас және салмағы төмен барлық балалардың көзін тексертіңіздер. Сәбидің көзін ашып, А витаминінің жетіспеу белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз.

Емдеу жолдары

Құрамында А витамині көп тағамдар ішу арқылы ксерофтальмияның оңай алдын алуға болады. Мыналарды істеңіз:

  1. Егер мүмкіндік болса, сәбиді 2 жасқа дейін емізіңіз.
  2. Бала 6 айға толған кезде оны А витаминіне бай тағамдармен тамақтандыра бастаңыз. Ол өнімдерге: қою-жасыл жапырақты көкөністер, сары немесе ақшыл сары жеміс-жидектермен және папая, манго, асқабақ сияқты көкөністер жатады. Майлы сүт, жұмыртқа және бауыр да А витаминіне бай.
  3. Егер сәби аталған тамақ түрлерін пайдаланатын сияқты боп көрінбесе, немесе балада ақшам соқырдың немесе ксерофтальмия белгілері айқын көріне бастаса, оған А витаминін (200 000 ед) 60 мг капсулдағы не сұйық түріндегі ретинол (әр 6 ай сайын бір рет) беріңіз. Бір жасқа толмаған сәбилерге осы мөлшердің жартысын беріңіз.
  4. Егер сәбидің жағдайы тым ауыр болса, оған алғашқы күні 200 000 ед А витаминін беріңіз. Баланың көруінде жақсару белгілері байқалмаса, бір аптадан кейін тағы бір капсул беріңіз. Бір жасқа дейінгі балаға осы мөлшердің жартысы беріледі.
  5. Ксерофтальмия кең тараған жерлерде барлық бала емізетін аналарға әр 6 ай сайын және жүкті әйелдерге жүктілігінің екінші жартысында 200 000 ед А витаминін бір рет беру керек.

Ескерту: А витаминінің көбейіп кетуі организмді уландырады. Сондықтан ұсынылған мөлшерден артық пайдалануға болмайды

Егер сәбидің көз ауруы асқынып бара жатса (мүйізгекті қабықты ұяшықтар басып кетсе, мүйізгекті қабық көтеріліп, қарауытса) оны білікті дәрігерге көрсетіңіз. Баланың көзін таңып, бірден А витаминін, ең дұрысы 100 000 ед инъекция шанышыңыз. Қою-жасып жапырақты көкеністер, сары немесе ашық сары түсті жеміс-жидектер балалардық зағип болмауына көп септігін тигізеді.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}