Ақтөбе (ежелгі қала, Оңтүстік Қазақстан облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтөбе - ежелгі қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының оңтүстік-батысында 3 км жерде, Сырдарияның ескі арнасының бойында орналасқан. Қала орнында 1962 63 ж. Шардара археол. экспед. қазба жұмыстарын жүргізген. Төбе үш бөліктен: цитадельден, шаһристаннан жөне рабадтан тұрады. Шаһристанның жобасы трапеңия тәріздес. Цитадельдің терең ор мен қорғаныс қабырғалары (аумағы 70x60 м) бөліп жатыр. Шаһристанның солтүстік-батыс жағындағы рабадтын орнын жартылай кұм басып қалған. Цитадельдің (қазба аумағы 17x20) жоғарғы қабатындағы үйлердің қабырғасы (өлш. 30x15x6 см), саз (шым) кірпіштерден соғылған. 2,4 м тереңдіктен тағы да құрылыс қалдығы табылды. Оның қабырғалары өлш. 49x25x10 см келетін кірпіштерден қаланған. Табылған заттар 12 ғ-ға жатады. Төменгі құрылыс қабатынан төрт бәлмеден тұратын бекініс сарайының орны аршылды. Осы сарайдың сыртқы қабырғасына салынған қимадан қабырғаның калған бөлігінің биікт. 3 м, төм. жағындағы ені 7 м болғаны анықталды. Жиналған қыш ыдыстар мен шыныдан, металдан жасалған бұйымдар қала тұрғындарының 4 13 ғ-лар аралығында өмір сүргенін көрсетеді.

  1. 1 - 9 ғ-лардағы қала орны. оңтүстік Қазақстан облысы Созақаның шығыс жағында орналасқан. Орта ғ-дағы аты белгісіз. Қала орнын 1946 ж. Ә.Марғүлан басқарған Орт. Қазақстан археол. экспед. ашқан. Алғаш қазба жұмыстары 1948 ж. жүргізілді. Төбе екі бөліктен тұрады. Жалпы аумағы 200x300 м. Орт. төбенің биікт. 4 - 5 м, бетінің аумағы 70x80 м. оңтүстік шетінде қорғаныс құрылысының қалдығы сақталған. Орт. бөлік пен алаңшаның қосылатын жерінде шығыстан және батыстан қіретін қақпалардың орындары байқалады. Қазба барысында қала жобасының ерекшеліктері анықталды. Аршылған құрылыс орындарының қабырғалары блоктар мен өлш. 32х26х8, 45x25x10 см келетін саз (шым) кірпіштерден қаланған. Қалажүртынан өр түрлі көлемдегі қазандықтар, қыш ыдыстар, құтылар, шаруашылық ыдыстары, үлкен күмыралар, кір шаятын және ас ішетін ыдыстар: кесе, саптаяқ, табақтар табылды. Қазба барысында жиналған қыш ыдыстар мен басқа да заттарды зерттеулер нәтижесінде қала тұрғындарының б.з. бас кезінен 9-10 ғ-ларға дейін өмір сүргені анықталды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}