Ақтөбе (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Газет

Бастапқы атаулары

“Ақтөбе” — облыстық газет мұрагері.


Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттері 1924 ж. 17 наурызда қазақша газет шығару туралы шешім қабылдады. 1930 ж. 19 тамыздан “Кедей” Темір ауданының газетіне айналып, орнына “Алға” газеті шықты. 1932 ж. Ақтөбе облысы құрылған кезде “Алғаның” орнына "Социалистік жол” газеті (13 наурыз) жарық көрді. Қазақстанда өлкелердің құрылуына байланысты 1962 ж. 1 шілдеде газет шығуын тоқтатты. Өлкелер қайта таратылған соң Ақтөбе облысының “Коммунизм жолы” газеті қайтадан (1965 ж. 6 ақпан) шыға бастады.1990 ж. қазан айынан бастап “Ақтөбе” деп аталады. Облыстық газет алғашқыда «Кедей» (7.06.1924 ж.-тамыз 1930 ж.), одан кейінгі кезеңдерде «Алға» (тамыз 1930 ж.-13 наурыз 1932 ж.), «Социалистік жол» (13 наурыз 1932 ж. – 1 шілде 1962 ж.), «Батыс Қазақстан» (өлкелік) (1 шілде 1962 ж. – 6 ақпан 1965 ж.), «Коммунизм жолы» (6 ақпан 1965 ж. – 12 қазан 1990 ж.) деген атаумен шықты. Ал 1990 жылғы 12 қазаннан бері «Ақтөбе» деген атпен шығып келеді. Газет аптасына екі рет – сейсенбі, бейсенбі күндері шығады.<ref>Газет тарихы</ref>

Тарихы

Владимир Ильич Ленин 1917 жылы Ресейде апан-топан төңкеріс жасап, әлемге жаңа жүйенің дүниеге келгенін жария етті. Бүгінде дүние жүзі халқы «Капиталын» жапатармағай оқып жатқан Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің күрескер рухын бойына сіңірген пролетариат көсемі әп дегеннен идеологияға баса назар аударыпты. Өйтпесе өзі құрған жүйенің қазығы мықты болмасын аңғарса керек. 1924 жылы ұлт республикаларының көптеген аймақтарында газет шығару мәселесі қолға алынды. Ақтөбе губерниялық партия және атқару комитеттерінің бірлескен мәжілісінде өңірден шығатын газеттің атын «Кедей» деп қою туралы шешім қабылданыпты. Бұл «бай менен молданы қойдай қу қамшымен» деген заманға лайық атау еді.

Алғашқы бас редакторлар

«Кедейдің» алғашқы нөмірі 1924 жылдың 7 маусымында жарыққа шықты. Аптасына бір рет шығатын газеттің көлемі де шағын, не бары екі-ақ бет болатын. Алғашқы нөмірлерге кейін ірі мемлекет қайраткеріне айналған Ақтөбе губерниялық партия комитетінің жауапты қызметкері Ізмұқан Құрамысовтың қол қоюы, кеңес өкіметінің газет шығару мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағанын көрсетеді. Газет тізгінін партия комитетінің қызметкері алуы сол тұста кәсіби журналистердің аздығынан ғана емес, басылымға бақылаудың мықты болатындығының айғағындай еді. Алғашқы редакторлардың қатарында Өтемісов, белгілі аудармашы Абдолла Құлыбеков, Д.Хангереев, Әзімбай Лекеровтер бар. Ахмет Байтұрсынұлы, айтпақшы, газеттің «халықтың көзі, тілі һәм құлағы» екені рас. Бірақ газеттің ең алдымен идеологиялық құрал екенін де ұмытуға болмайды. Өйткені «мінген арбасының» егесінің қас-қабағына қарамайтын пенде жоқ. Сол «еге» мен халықтың мүддесі тонның ішкі бауындай қабысып жатса жақсы, әйтпесе журналист дейтін жазған екі жақтың да қыбын табуға тиіс. Осы ретте «Кедей» әу бастан жалған ұраншылдыққа салынбай, халықтың сауатын ашуға, мәдениетке үйретуге, жаңа заманның бағыт-бағдарын жұртшылық санасына сіңіруге ұмтылған салмақты басылым болғаны аңғарылады. Ел жаңалықтарымен қатар сол заманның ең өзекті мәселелері — білім алуға шақыру, әйел теңдігі секілді тақырыптар алдыңғы кезекке шыққан. Газетке жаңа леп ала келген бас редактордың орынбасары Жиенғали Тілепбергенов «Оқшауша» деген айдар ашып, сол айдар журналистердің еркін шығармашылығының мінберіне айналған. Тіл ғылымының теориялық негізін қалаған ғалым Құдайберген Жұбановтың, «Еңбекші қазақтан» келген Кенжеғали Абдуллиннің кесек ойлы мақалалары газеттің іргетасы әуелден-ақ мықты қаланғанын көрсетеді. Газетте кейінгі кезеңдердегі әр жылдарда редактор болып Құбаш Қожамұратов, Смағұл Мұқашев, Нұрқайыр Телеуов, Қуан Тектіғұлов, Идош Асқаров, Әмір Оралбай, Қасымжан Байсадақовтар қызмет істеді.

Атақты журналистер

Байлар тап ретінде жойылған отызыншы жылдарда газет атауы «Кедей» деп қала беруі өте ыңғайсыз болар еді. Сондықтан бес жылдықтар балғасын соғып жатқан кеңес өкіметінің сол тұстағы «Тек қана алға!» деген ұранына сәйкес, басылым «Алға» атаныпты. Көп ұзамай «Социалды жол», сәл кейінірек «Социалистік жол» деген «ныспы» беріліпті. Облыс аумағына ірі өндіріс орындары қоныс теуіп, қазақ жаңа мамандықтарды игере бастаған заманның тыныс-тіршілігі газет бетінен көрініс тапты.

Жетістіктері

Ұлы Отан соғысы жылдарында журналистер қаламын қаруға айырбастап, майданға аттанды. Газетке жеткен дерек бойынша редакцияда тек Қ.Қожамұратов пен Х.Наурызбаев қана қалғанын айтады. Бірақ олар бұрынғылар жаққан отты өшірген жоқ, қайта лаулата түсті. Сол тұста шығарылған газеттердің бір бөлігі майдан шебіне де жеткізіліп тұрыпты. «Социалистік жолды» бойтұмардай көріп, төс қалтасына салып, шайқасқа кірген ақтөбеліктер бар. Жауынгерлер жолдаған хаттар бар газетті тылдағы жұрт Жеңістің хабаршысындай күтті. Нұрпейіс Байғаниннің толғаулары етігімен су кешіп жүрген ерлерге де, ауылда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен жұмыс істеп жатқан еңбеккерлерге де дем бергені хақ. Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің де даңқты еңбек жолы мен тәжірибесі сол тұста облыстық газеттің бетінде үзбей жарияланып жатты. Соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында да облыстық газет алғы шепте жүрді. Қарапайым еңбек адамдары басылымның басты «объектісіне» айналды. Өлке құрылған кезде «Батыс Қазақстан» аталып, сәл кейін даңғыл «Коммунизм жолына» түскен басылым сол заманның идеологиясын халықтың санасына сіңіру жолында зор еңбек етті. Газеттің еңбегі бағаланбай қалған жоқ. 1974 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, сексенінші жылдарда КСРО Халық Шаруашылығы Жетістіктері көрмесі жеңімпаздарының бірі болды. Бұл облыстық газеттің тізгінін отыз жылға жуық уақыт ұстаған Нұрқайыр Телеуов басқарған ұжымның жұмысына берілген лайықты баға еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еңсеруде, жаңа болмысты ұрпақ санасын қалыптастыруға журналистердің қосқан үлесі зор. «Ақтөбе» газеті де тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, жас мемлекеттің іргетасын қалап, еңсе тіктеуіне хал-қадарынша үлес қосып келеді. 2000 жылы екі облыстық газет «Ақтөбе газеті» ашық акционерлік қоғамына бірікті. Заман талабына сай газеттің дизайны өзгеріп, бірінші беттегі ресми материалдардың орнына мүмкіндігінше әлеуметтік мәселелер, коллажбен көркемделген сын материалдар шыға бастады. Аптасына үш рет шығатын газет екі ретке ауысып, бейсенбі, жұма күндері шығатын нөмірлеріміз «бірігіп» кетті. Түрлі түсті «етжеңді» нөмір шығару арқылы оқырманға әр түрлі саланы қамтыған материалдар ұсынуға мүмкіндік алдық. Бейсенбілік нөміріміз 32 бетке жетті. Енді кәсіпкерлер газетке жарнама бере бастады… 2004 жылы облыстық екі газет тағы да енші бөлісті. Осы жылы газетті басқарған талантты журналист, марқұм Әмір Оралбай мен Қасымжан Байсадақовтың да қолтаңбалары қалды. 2005 жылы «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның шаңырағы астында қайта бірікті. ЖШС тізгінін белгілі көсемсөзші, ақын Мейірхан Ақдәулетұлы ұстады. Сәл кейінірек бүкіл аудандық газеттер де ЖШС қарамағына көшті. «Бет әлпеттері» өзгеріп, «жүрісі» түзелген кейбір аудандық газеттер әу бастағы келісім бойынша қайта отау тігіп жатыр… «Ақтөбенің» бір мақтанышы — ақын-жазушылары. Дегдар Қуандық Шаңғытбаевтың, Тұманбайлар жалғастырған әдемі лириканың бастауындай Ізтай Мәмбетовтің, бүгінде ақтөбелік қаламгерлердің ақсақалына айналып отырған Мұхтар Құрманалиннің, «Отамалысы» әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосуға әбден лайық Тобық Жармағамбетовтің өзінің шығармалары арқылы жетпісінші жылдардан бастап-ақ, кеңес өкіметінің көрін қазуға кірісіп кеткен Құрал Тоқмырзиннің, қазақ өлеңіне боз бояу қосқан Есенбай Дүйсенбайұлының, әңгімелері психологиялық астарға толы Қажығали Мұхамбетқалиевтің шығармашылықтағы қадамдары осы газеттен басталған.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер