Ақтоғай ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтоғайпалеолит дәуірінің ескерткіштері. Жетісу өңіріндегі Шарын өзенінің сол жағалауындағы Ақтоғай шатқалында орналасқан ежелгі тұрақтар. Мұнда аралары 1,5-2 км төрт жердей тас дәуірі орындары анықталған. Ақтоғай тұрақтарын 1986 ж. Қазақстан Ғылым академиясы Геология ғылым институтының стратиграфиялық отряды (жетекшісі Б.Ж.Аубекеров) ашқан. Ақтоғай-1 тұрағынан алынған артефактылар саны 122 данауылы Арасында дефляцияға ұшырағандары үшбұрыш жарықшақтары, қырғыштар тағы басқа заттар бар. Ақтоғай-2 — 18 дана, Ақтоғай-3 — 15 дана, Ақтоғай-4 — 7 дана артефакт техника және тұрпаттық белгілері бойынша бір-біріне ұқсас. Құралдар арасында леваллуа жарықшақтары басым. Геология және геоморфология мәліметтер бойынша зерттеушілер Ақтоғай-1 және Ақтоғай-4 орыңдарын жоғ. плейстоцен ортасына жатқызған. Алынған материалдардың бірі чоппинг (14x15x6,5 см) ашель дәуіріне жатады. Тас құралдарына техникалық, типологиялық анықтама жасаған - О.А.Артюховауылы Тас бұйымдары негізінен мустье уақытын қамтиды. Ғалымдардың пікірінше, тұрақтары Қаратау, Солтүстік Балқаш төңірегі, Ертіс алабы және Орталық Азия өлкелерінің палеолиттерін байланыстырып тұрған кешен. Жетісу жеріндегі өзен алаптарында да (Іле, Қаратал, Көксу, тағы басқа) көне мәдениет ошақтарының белгілері табылуы мүмкін.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}