Ақсәуле

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Ақсәуле , агератум (Ageratum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты</ref>Мексикадан тараған жалғыз түрі – гаустон Ақсәулесі (А. haustonіanum) Қазақстанда да кездеседі. Ол республиканың жазық аймақтарында әсемдік ретінде өсіріледі. Сабағы тік, бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырағы сағақты, пішіні үшбұрыш, төменгі жағы ойма тәрізді. Себеттері домалақ 8 – 10 мм, қалың қалқаншаға топталған. Күлтесі көк түсті, айдаршасы 5 жапырақшалы. Қазан – қараша айларында гүлдеп, жемістенеді.

Өсімдік туралы

Ақсәуле – қашқаргүлдер тұқымдасына жатады. Отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Мексика, Перу және Боливияда көп таралған. Табиғатта тұқымдасының 30-ға жуық түрі бар. Отаны жылы тропикалық аймақ болғандықтан, көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік, ал Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты біржылдық гүл болып саналады. Биіктігі: сұрпына қарай – 26-45 см, орташа – 15-25 см, ергежейлі – 10-15 см болады. Сабағы, жапырағы түкті. Жапырағы жүрек пішіндес, иектері аратісті. Гүлінің пішіні шар тәріздес, диаметрі 15-20 см аралығында. Көгілдір, күлгін, ақшыл, қызғылт түсті түрлері бар. Көгілдір және күлгін түстілері ою-өрнек, кескіндер, гүлмен көмкерілген сөздер жазуға, гүлзардың жиектеріне, гүлді кілем жасауға көп қолданылады. Көшеттерді еккенде арақашықтығы – 15-20 см болуы керек. Біржылдық гүлдердің ішіндегі ең ұзақ, көктемнен алғашқы суыққа дейін гүлдейтін өсімдік.

Қолданылуы

Көгалдандыруда жаз айларында вазондарға, жол бойына егеді.

Күтімі

Жылы және ашық жерлерде жақсы өседі. Алакөлеңкеге де шыдамды, бірақ жарық жердегідей мол гүлдемейді. Жеңіл топырақта жақсы өседі. Құрғақшылыққа шыдамды, бірақ мол гүлдесін десеңіз, біркелкі, құрғатып жібермей суғару қажет. Өсімдікке көңді гүл түйін салғанға дейін, ал әрі қарай өте көп қолдануға болмайды, себебі көңде азот көп болғандықтан жапырақтары мол болып өсуіне пайдалы, ал біз жапырағы емес, гүлі үшін өсіретіндіктен, гүлдейтін гүлдерге арналған немесе толық минералды тыңайтқыштармен қоректендіріп тұрған абзал. Ұзақ, әрі мол гүлдеуі үшін, гүлшоғыры тұқымданып кетпей тұрып, гүл күлтелері қоңырқай тарта бастағанда жұлып тұрған дұрыс. Тұқымын тамыз айында жинайды.

Көбейтілуі

Біржылдық гүлдерді жыл сайын тұқымнан көбейтіп өсіріп отырады. Мамыр айында гүлдету үшін, ақпан айының соңы, наурыз айының басында жылыжайда немесе үйде 20-22ºС жылылықта тұқым арқылы көбейтеді. Тұқым 7-10 күнде өніп, өскін шығарады. Өскінге бір-екі жапырақ шыққанда, көшеттеп, әрқайсысын жеке отырғызады. Сәуірдің соңында немесе мамыр айының басында, көктемнің ызғарлы суығы өткеннен кейін, көшеттерді далаға егеді. Өскін өніп шыққан уақытынан бастап 60 күннен кейін гүлдей бастайды. Сондай-ақ, қалемшелеп те көбейтуге болады. Бақшаға сәуірдің аяғы, мамырдың басында тұқымынан ексеңіз, жаздың ортасында гүлдейді.

Ақсәуле туралы тақпақ

Гүлдің аты - Ақсәуле,

Тербелер жел өткенде.

Шар тәрізді гүлтәжі,

Жайнар мамыр жеткенде.

Әр шоғында - жүз талшық,

Күнге қарап тұр шалқып,

Түсі болар сиякөк,

Қуант гүлден сый тартып.

Ішкі сілтемелер

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/> Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Біржылдық гүлдер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б; ISBN 978-601-7237-49-3

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақсәуле|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}