Ақсүмбе (қалашық)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсүмбекөне қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Қаратаудың терістік жағында, Ақсүмбе өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қаланы 1946 жылы академик Ә.Х. Марғұлан басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция, 1947 жылы, археологтар Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич зерттеген. Қазіргі кездегі көрінісі тік төрт бұрышты төбе, биіктігі 1 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 75 м, шығыс-батысқа қарай 60 м. Қала топырақ дуалмен қоршалған. Төрт бұрышында қарауыл мұнаралардың орны байқалады. Оңтүстік-шығыс жағында бұрышта орталық қорғаны сақталған. Оның көлемі 25х25 м. Қазіргі кездегі биіктігі 0,5 м, төрт бұрышында мұнара орны көрінеді. Қала орнынан жинастырылған қыш ыдыстардың жасалуына қарап ғалымдар қала тұрғындарының 10-15 ғ. өмір сүргендігін анықтады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}