Ақсырқын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсырқын, ильиния (Үлгі:Lang-la) – жанжабілдер тұқымдасына жататын бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Балқаш, Алакөл маңы, Іле, Күнгей Алатауларының ұсақ малтатасты-тастақты, шөлде, сортаңды жерлерінде, әбден күн күйдіріп қурап қалған топырақта өсетін 1 түрі – Регель А-ы (І. regelіі) бар. Биікт. 20 – 50 см, қалың бұтақты, ашық көкшіл қабықты өсімдік. Бұтақшалары ақшыл жылтыр, кепкенде қараяды. Жапырақтары кезектесе орналасқан, доғал, жалаң, жоғары қарай орақша иректеліп иіліп келген. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан жеке орналасады, отырыңқы. Аталығы бесеу. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Мал азықтық шөп.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}