Ақсу асуы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

Ақсу асуы Күнгей Алатауындағы асу.

Географиялық орны

Алматы облысы жерінде. Теңіз деңгейінен 4151 м биіктікте орналасқан. Шығыс Ақсу мұздығы мен Шоң Ақсу өзені аңғары аралығын қосып жатыр. Асуға көтерілу үшін Шығыс Ақсу мұздығының оң қапталын бетке ала отырып, морена аумағымен өтетін жалғызаяқ жолға шығу керек. Жол жоғары көтеріле келе біртіндеп сырғыма жарқабақтанған тұста оңтүстік-шығысқа бұрылады.

Жер бедері

Асудың батыс беткейі ұсақ қиыршықтасты келеді. Онымен көтерілу қиындық туғызбайды. <ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub