Ақсу-Арыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсу—Арыстас дәуірінің орны. Шәуілдір аулынан батысқа карай 10 км, Арыс және Ақсу өзендерінің Сырдарияға құяр сағасындағы екінші сөреден табылған. 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отряды (жетекші Х.Алпысбаев) тапқан. Ақсу—Арыс ескерткішінің материалдары толық жарияланған жоқ. Х.Алпысбаев ғылым есебінде ғана азды-кемді мағлұматтар келтірген. Тас құралдарын (тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, т.б.) зерттеуші кейінгі мустье уакытына жатқызған. Тас коллекциясындағы бірқатар тас жаңқалары екінші рет өңделген.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>