Ақсора

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақсора (Suaeda) – алабұталар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы, кейде жартылай бұталар.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты</ref> Жер шарында кең тараған (тек арктикалық белдемдерде кездеспейді), Ақсоралардың тұзды жерлерде, теңіздер және тұзды тоғандардың жағалауларында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның шөл даласындағы гипсті, борпылдақ сортаң топырақты жерлерде, сор мен тақырларда қаулап өседі не ірі бұта күйінде жеке-жеке кездесетін 16 түрі бар. Жиі тарағаны – ұсақжапырақты ақсора, кейде оны ақсора (Suaeda mіcrophylla) деп атайды. Биіктігі 30 – 75 см. Сабағы көп бұтақты, бір жылдық өркендері күлгін түсті. Жапырағы етті, көкшіл, оның ұзындығы 3 – 10 см. Гүлшоғыры жапырақ қолтығынан сәл төмен орналасқан. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Түйнектеген кезде өсімдік құрамында клетчатка, протеин, май, азотсыз экстрактивтік заттар болады. Күлінен алынған сақар сабын қайнату үшін пайдаланылады. Жақсы мал азығы.

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub