Ақсейіттөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсейіттөбе — көне қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан.


Қаланы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М.Байпақов) зерттеген. Сыртқы көрінісі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан (ұзындығы 90 м, көлденеңі 40 м, биіктігі 5,5 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Төбесінде аумағы 18 м келетін орталық қорғанның сұлбасы сақталған. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Жинастырылған көзе сынықтары Ақсейіт төбе тұрғындарының б. з. 4-6 ғасырында өмір сүргенін көрсетеді.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.</ref><ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}