Ақсары жоңышқа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақсары жоңышқасы (Medіcago ochroleuca) – бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батысындағы Ақсу-Жабағылы тауының солтүстік тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. Биіктігі 75 – 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. Гүлі сары түсті, бұршағы имек, бозқоңыр түсті келеді. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді. Ақсары жоңышқа – құнарлы мал азығы. Сирек кездесетіндіктен Ақсу-Жабағылы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub