Ақсай Сынтастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақсай сынтастарықола дәуірінен сақталған ескерткіштер тобы. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Алғаш Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> 10-нан аса сынтастар тізбегі 0,6 км аумаққа созылып жатыр. Бірқатары құлаған. Негізінен қашалған төрт қырлы, ұзындығы 1,5-3 м тастардан құралады. Оңтүстік шетінде үш сынтас мосы сияқты көмілген. Біреуінің жоғарғы жағында адамның екі көзі, мұрны, аузы бейнеленген. Басқаларының жоғарғы жағы үшкірленген, қой мен жылқының тұмсығына ұқсас. Бұлар қола дәуірі бақташыларының киелі жануарлары — қой мен жылқының құрметіне қойылған сияқты. Оларды “қойтас” деп те атаған. Зерттеулер Ақсай сынтастарының б. з. б. 11-9 ғасырларда қашалғанын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}