Ақпараттық анықтама қоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

57Ақпараттық анықтама қоры –"Қазақстан" ұлттық арнасының ауызша ақпарат алатын өзекті буыны. <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.Бұл буынның атқаратын қызметі қоғамдық ұйымдарда, әкімшіліктер мен өндіріс орындарында, мәдениет ошактары мен заң орында-рында, көзғалыстар мен партияларда, тіпті жеке адамдар өміріндегі қоғамдық мәні бар оқиғалар мен шешілуге тиісті мәселелерді алдын-ала болжап, анықтап, зерттеп, солардың ішіндегі мәнді дегендерін бір апта бұрын сұрыптап отырады. Сондықтан телеарна шешім қабылдап, қажет дегендерін жоспарлы түрде, ретіне қарай, тілшілерін не болмаса арнайы топ жіберу арқылы бейне, дыбыс таспаларына мәтін күйінде ақпарат жинақтайды. Ақпараттық анықтама қорының жұмысы сектор меңгерушісінің басқаруындағы үш адамнан тұратын үш топтың күшімен үш бағытта жүргізіледі. Бірінші топ үкімет орындары, қоғамдық ұйымдар, мәдениет ошақтары, партиялар мен қозғалыстар өміріндегі келелі оқиғаларды алдын-ала анықтаумен, жинаумен айналысады. Екінші топ халық шаруашылығының сан саласынан ақпараттық анықтама жинаумен айналысады. Үшінші топ тәуелсіз достас елдердегі, республика аймақтарында болуға тиісті оқиғалар мен елеулі кұбылыстарды алдың ала болжайды, анықтайды, олар жөнінде ақпар алып отырады. Бірінші топта істейтін адам-нын міндетіне Президент және Үкімет кеңсесі, Пар-ламент, мәдениет, ақпарат, ішкі істер, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім мен ғылым саласындағы баспасөз орталықтары мен қоғамдық ұйымдар мен партия орындарымен байланыс жасап отыру жүктеледі. Екінші топта жұмыс істейтін адамға халық ш., экономика және қаржы, өнеркәсіп және сауда, транспорт және коммуникация, концерндер, департаменттер, түрлі фирмалармен байланыс жасап отыру жүктеледі. Үшінші топта істейтін адамның атқаратын жұмысы: облыстардағы әкімш. орындарымен, солардағы баспасөз орталықтарымен телефон, телефакс, интернет арқылы байланыс жасау міндеті жүктеледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}