Ақпанбетов Жеңіс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақпанбетов Жеңіс ( Солтүстік Қазақстан облысы, "Жаңа жол" ауылы) – радиожурналист. <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.ҚазМУ-ді бітірген (1968).

Еңбек жолын "Қазақфильм" киностудиясының түсірілім тобында жұмысшылықтан бастаған. Қазақ радиосының "Шалқар" арнасында редактор болып қызмет етті. Содан бүкіл өмірінің соңына дейін Қазақ радиосының "Ауыл өмірі, "Шалқар", насихат редакцияларында редактор, аға редактор, комментатор болып еңбек етті. Жыл сайынғы орақ науқаны кезінде 20 жыл бойына Қазақстанның астықты облыстарын аралап "Алтың дән" ақпараттық бағдарламасына ай бойына арнайы хабарлар дайындады. Ақпанбетов Жеңісқазақтың ардақты жазушысы С.Мұқановтың "Мөлдір махаббат" романындағы бас кейіпкер Бәтестің туған ұлы. Сондықтан да марқұм С.Мұқанов Жеңісті бала кезден Алматыға алдырып оқуына, азамат болуына көмектескен. Қазақтың әйгілі ақын-жазушыларымен жастайынан аралас болған Жеңіс Қазақ радиосының "Алтың қорына" олардың көптеген дауыстарын үнтаспаға жазып қалдырды. "Әуе толкынында Қазақ радиосы" жинағанда "Естен кетпес оқиға" деген естелігін жариялады (2001).

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}