Ақмәмбет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмәмбет – 12-14 ғасырларда сақталған қоныс орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жердегі Шірік-Рабат көне қаласының оңтүстік-батысында 65 км жерде, Жаңадария өзенінің ескі арнасында орналасқан. Қоныс орнында қабырғаларының биіктігі 0,5-0,8 м екі үйдің жұрты сақталған. Жанында 18-19 ғасырларда жататын мазар бар. Ақмәмбет қонысы мен мазарын 1956 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (археолог Н.Н.Вактурская мен М.Г.Воробьев) зерттеген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}