Ақмола зираты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақмола — қола дәуірінен сақталған зираттар тобы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Павлодар облысы Ақсу қаласынан оңтүтік-шығысқа қарай 7,5 км жерде Ақсу өзенінің солтүстік жағасында орналасқан. Барлығы топырақ үйілген 46 зират. Зерттелген 24 обадан 43 қыш ыдыс, оюлы қола алқалар, жарты шарлы, шеңбері тесік дөңгелек қола және төртбұрышты сүйек қапсырмалар, қола пышақтар мен инелер, алтын әшекейлер табылды. Олардың Андронов мәдениетінің Нұра кезеңіне қатысты екені анықталды. Ақмола қышы — Нұра кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес түбі тегіс, бүйірі біркелкі шығарылған ыдыстар, ішінара “банка” үлгісімен жасалған көзелер. Ленталық техникамен жасалып, ашық отқа күйдірілген қыштың құрамында дресва, шамот секілді арнайы құрғатқыш қоспалар бар. Ақмола зиратының жерлеу ғұрпы, құрылымдық сипаты Андронов мәдениетіне қатысты басқа ескерткіштермен салыстырғанда өзгешелеу. Олар қоршаусыз, топырақтан үйілген, мәйіттер орта деңгейінде ағаш жабуы бар арнаулы кертпіштерге қойылған қарапайым топырақ қабірлер. Ақмола зираттары заттай дерегі жағынан Орталық Солтүстігі Қазақстан жәдігерлеріне жақын, ал жерлеу ғұрпы (құрылымдық) Шығыс Қазақстан өлкесіне ұқсас. Бұл ескерткіштер Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалардың қоныстану ерекшеліктерін, олардың әртүрлі деңгейдегі байланыстарын және өзара мәдени ықпалдарын көрсетеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}