Ақмола бекінісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АҚМОЛА БЕКІНІСІ — қорған. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде бекіністі аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендиннің отряды мен әскери старшина Карбышев басқарған қамал гарнизоны қорғады. 1838 жылдың күзінде Кенесары қолы айналасы ормен қоршалған А.б-не шабуыл жасады. Оның садақшылары қамалды садақ оғының ұшына тез тұтанатын майланған шүберекті байлап атқылады. Қамалдың көптеген жерлерінде өрт шықты. Бекіністегі солдаттардың бір бөлігі өртті өшіруге ұмтылғанда, Басығара батыр бастаған Кенесары отрядының бір бөлігі қалаға басып кірді. Бекіністі шабуылдау кезінде Басығара батыр ерлікпен қаза тапты. А. б-н талқандаған соң, Кенесары жүйелі түрде бекеттерге шабуыл жасап, жем-шөпті және байланысты жойып, партизандық күрес жүргізуді жалғастыра түсті.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақмола бекінісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}