Ақмешіт әулие үңгірі
Ақмешіт әулие үңгірі – Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір.зындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл-мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. Үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты</ref> Ұ <ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>